Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 15 қыркүйекте Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 781 азамат енгізілді, оның ішінде – 578 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар–7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметкалиева А.А – 32
Байбаракова М.Г– 48
Тойекешов М.К– 466
Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округінің әкімі болып Мейрамбек Кенжебаевич Тойекешов сайланды, 1990 жылы туған, Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Ақжайық ауданының Мерген ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы