Чапаев ауылы №22 2024 жылғы 29 тамыз
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Мерген ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні сағат 17:00-де Мерген ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Мерген ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Мерген ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров