АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

Чапаев ауылы                                   №21                     2024 жылғы 29 тамыз

 

 

2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Ақжол ауылдық округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

                                

           

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына,    28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні сағат 11:00-де Ақжол ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Ақжол ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Ақжол ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

5.Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары  С.Стармаусоваға жүктелсін.

6.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы                                                   Е.Мангуров                                 

Дата публикации
29 августа 2024