Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақжайық ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ауданы 16577,08 гектар, периметрі 79147,16 метр Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2- қосымшасына сәйкес ауданы 929,93 гектар, периметрі 13491,79 метр Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3- қосымшасына сәйкес ауданы 8302,39 гектар, периметрі 72281,34 метр Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Бударин ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 4- қосымшасына сәйкес ауданы 169,91 гектар, периметрі 5055,69 метр Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Ілбішін ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 5- қосымшасына сәйкес ауданы 28,95 гектар, периметрі 2159,06 метр Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Тінәлі ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
- Аудан әкімі аппаратының басшысы (Р.Рахметуллин) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (А.Абугалиев) және Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысына (С.Сиражев) жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.