Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылдың 7 тамыздағы №7
ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің
сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Ақжол ауылдық округі аумағының шекарасында - Ақжол аумақтық сайлау округі құрылсын.
2. Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында және сайлау округін құру туралы хабар аудандық қоғамдық-саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Мангуров
Хатшы А.Нургазиева