АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылдың 7 тамыздағы №9 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Ақжол және Мерген ауылдық округі әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының       1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол және Мерген ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 15қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол және Мерген ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Жайық таңы» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Төраға                             Е.Мангуров

 

Хатшы                             А.Нургазиева

 

Дата публикации
07 августа 2024