Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы 4 тамызда Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының               9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 883 азамат енгізілді, оның ішінде – 602 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар–10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Аралбаев А.Б – 60

Ескалиев Р.Е – 465

Кушкарбаева Д.С– 50

Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Рысбек Ерболатович Ескалиев сайланды, 1989 жылы туған, Ақжайық аудыны әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақжайық ауданының Алғабас ауылында тұрады. Өзін-өзі  ұсынған.

 

                                    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
04 августа 2024