Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесін ашу туралы хабарлама
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің №9 Алғабас, №10 Қарағай, №11 Тегісжол, №12 Жаңажол, №14 Тоған учаскелік сайлау комиссиясының ұсынған деректеріне сәйкес 2024 жылғы 4 тамыз күнгі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша бес сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.