2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Алғабас ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №12                        2024 жылғы 17 шілде

 

 

2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Алғабас ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

                                    

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына,    28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. 2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 24 шілде күні сағат 17:00-де Алғабас ауылындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.

2. 2024 жылғы 04 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).

3. Осы шешім Алғабас ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.

4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.

6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      Е.Мангуров

 

Дата публикации
17 июля 2024