Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-5 бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 13 шілде күні Алғабас ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Аралбаев Асхат Бисенкулович, 1989 жылы туған, «Ақжайық ауданының ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Ескалиев Рысбек Ерболатович, 1989 жылы туған, Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Кушкарбаева Динара Сагидоллиевна, 1983 жылы туған, «Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы