Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Хаймулдин Науырызгали Магзумович тіркеуден бас тарту туралы

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №9                         2024 жылғы 06 шілде

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімі

лауазымына кандидат Хаймулдин Науырызгали Магзумович

тіркеуден бас тарту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 05 шілдедегі  №01/1360 хатына және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылдың 5 шілдедегі хаттамасына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Хаймулдин Науырызгали Магзумович Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, аталған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 шілдедегі хаттамасына сәйкес тіркеуден бас тартылсын.

2. Осы шешім аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                     Е.Мангуров

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 июля 2024