Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2024 жылдың 2 маусым күні Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 4 маусымдағы №5 шешімімен  Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімін тіркеді:

 Жанибек Игалиевич Абиров, 1986 жылы туған, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында тұрады.

 

Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                          Е.Мангуров

Дата публикации
04 июня 2024