Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 2 маусымда Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 791 азамат енгізілді, оның ішінде – 387 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абиров Ж.И – 331
Айткалиев К.Ж – 26
Ескалиев Р.Е – 20
Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі болып Жанибек Игалиевич Абиров сайланды, 1986 жылы туған, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында тұрады. «AMANAT» саяси партиясы ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы