АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №4 2024 жылғы 14 мамыр
2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 21 мамыр күні сағат 16:00-де Қарауылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйі ғимаратында (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
2. 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
3. Осы шешім Қарауылтөбе ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров