АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №2 2024 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі
әкімінің сайлауын 2024 жылғы 02 маусымға тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3 - тармақтарына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалсын.
2. 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
5. Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.
6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров