АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №1 2024 жылғы 24 сәуір
2024 жылғы 02 маусымға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.2024 жылғы 02 тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Қарауылтөбе ауылдық округі аумағының шекарасында Қарауылтөбе сайлау округі құрылсын.
2.Осы шешім аудандық қоғамдық - саяси «Жайық таңы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.
3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров