Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШТІМ:
- Ақжайық ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 наурыздағы №2 «Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Ақжайық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Умитовқа жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов