Ақжайық ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 1147 жолданым келіп түскен. 23 жолданым 2022 жылдан орындалу мерзіміне сәйкес 2023 жылға көшірілген. Соның ішінде 868 өтініш, 28 шағым, 65 ұсыныс, 186 сұрау салу, хабарлама және үн қосу.
808 өтініш жергілікті атқарушы органдарымен қаралды, нәтижесінде: 499 өтінішке қолайлы акт, 76 өтінішке қолайсыз акт қабылданды, 200 өтініш түсіндірілді, 33 өтініш тоқтатылды, 299 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды, 63 өтініш қаралу мерзімдеріне сәйкес келесі айға қалдырылды.
Аудан әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-363,
оның 253-сі өтініш, 12 шағым, 34 ұсыныс және 64 хабарлама.
Түскен өтініштердің 83-і аудан әкімі аппаратында қаралып (17 өтінішке қолайлы акт қабылданды, 9 өтінішке қолайсыз акт қабылданды, 8 өтініш тоқтатылды,49 өтінішке заң талаптарына сәйкес түсіндірілді), 272 өтініш құзіреттілігіне қарай тиісті органдарға жолданды, 9 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес 2024 жылдың қаңтар айында қаралатын болады.
Дербес бөлімдерге түскен өтініштер саны-512. Мағынасына қатысты сараласақ: 396 өтініш, 14 шағым, 30 ұсыныс және 72 хабарлама.
461 өтініш бөлімдерде қаралды (соның ішінде 292 қолайлы акт қабылданды,54-не қолайсыз акт қабылданды,12 өтініш тоқтатылды, 103 өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді),10 өтініш құзіреттілігіне сәйкес тиісті мекемелерге жолданды, 53 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес келесі жылға қалдырылды.
Ауылдық округтер әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-272. Мағынасына қатысты сараласақ 219 өтініш, 2 шағым, 1 ұсыныс және
50 сауал. 264 өтініш ауылдық округі әкімі аппаратында қаралып
(190 өтінішке қолайлы акт, 13 қолайсыз акт қабылданды,48 өтінішке заңға сәйкес түсіндірілді, 13 өтініш қараусыз тоқтатылды), 17 өтініш құзіреттілігіне сәйкес тиісті мекемелерге жолданды, 1 өтініш келесі жылға қарауға қалдырылды.
Жеке және заңды тұлғалардан келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті:
Жер және жерді пайдалану мәселелері – 478 ;
Тұрғын үй мәселесі – 354;
Халықты жұмыспен қамту - 51;
Мемлекеттік басқару – 14;
Әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру – 20;
Білім – 6;
Кәсіпкерлік – 12;
Құрылыс – 16;
Денсаулық сақтау, санитария – 2;
Ауыл шаруашылық мәселесі – 16;
Экология мәселесі – 7;
Байланыс мәселесі - 5;
Мемлекеттік сатып алу мәселесі – 16;
Басқа мәселелер бойынша – 150;
«Е-Өтініш» деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері қаралды. Ең көп көтерілетін мәселелер олар:
Бірінші: жер қатынастары, жерді пайдалану мәселесі- өтініштердің жалпы санының 41,7%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру, жер пайдалану мерзімін ұзарту туралы.
Екінші: тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, қызметтік тұрғын үй сұрау мәселесі- өтініштердің жалпы санының 30,9%-ын құрайды.
Өтініштерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын үймен қамтамасыз ету болып отыр.
Үшінші: жұмыс мәселесі.Жұмыс мәселесі өтініштердің жалпы санының 4,4%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі ақылы қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналастыруға қатысты.
Азаматтарды жеке қабылдау бойынша аудан әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, сайтқа орналастырылған. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау аталған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратында 2023 жылдың қортындысы бойынша 78 қабылдау ұйымдастырылып, 222 азамат қабылданды. Оның ішінде 188 адам аудан әкімімен, 32 адам аудан әкімінің орынбасарларымен, 2 адам аппарат басшысымен қабылданды.
Қабылдауда болған 32 адамның мәселесі оңды шешілді,6 адамның мәселесі ішінара шешілді, 176 адамға көтерген мәселелері бойынша толық түсіндірілді, 8 адамның мәселесі орындалу барысында.