Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Ақжайық аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |