Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №38 шешімімен Есенсай ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Парасат Манарбекович Таскалиев, 1989 жылы туған, «Есенсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақжайық ауданының Есенсай ауылында тұрады.
Комиссия төрағасы С.Аймукашев