Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2023 жылдың 10 желтоқсан күні Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №39 шешімімен  Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімін тіркеді:

 Жамбул Мерекеевич Дабыскалиев, 1980 жылы туған, «Ақжайық Құрылыс» ЖШС-нің басшысы, Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында тұрады.

 

 

 

                   Комиссия төрағасы                      С.Аймукашев

Дата публикации
14 декабря 2023