2023 жылғы 10 желтоқсанда Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жаңабұлақ ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 685 азамат енгізілді, оның ішінде - 414 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 73, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абилов М.А – 96
Дабыскалиев Ж.М – 177
Имашева С.Н – 5
Мендибаева А.К – 61
Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі болып Жамбул Мерекеевич Дабыскалиев сайланды, 1980 жылы туған, «Ақжайық Құрылыс» ЖШС-нің басшысы, Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы