2023 жылғы 10 желтоқсанда Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Есенсай ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 820 азамат енгізілді, оның ішінде - 466 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Доскалиев М.Б – 128
Нәсіпқалиев Қ.Ғ – 4
Таскалиев П.М – 300
Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округінің әкімі болып Парасат Манарбекович Таскалиев сайланды, 1989 жылғы, «Есенсай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақжайық ауданының Есенсай ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы