АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №32 2023 жылғы 21 қараша
2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Есенсай ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 27 қараша күні сағат 11-00-де Есенсай ауылындағы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Есенсай ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
2. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
3. Осы шешім Есенсай ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Р.Есеналиевке жүктелсін.
6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Аймукашев