Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 17-18 қараша күндері Есенсай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Аралбаев Асхат Бисенкулович, 1989 жылы туған, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Доскалиев Манарбек Бисенович, 1962 жылы туған, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" Республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы Бөрлі астық мемлекеттік сорт сынау учаскесінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3.Нәсіпқалиев Қуанышбек Ғарифоллаұлы, 1993 жылы туған, «Құрайлысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
4. Таскалиев Парасат Манарбекович, 1989 жылы туған, «Есенсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.