Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 17-18 қараша күндері Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1.Абилов Маханбет Абаевич, 1981 жылы туған, Ақжайық ауданының «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджер-кеңесшісі, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Дабыскалиев Жамбул Мерекеевич, 1980 жылы туған, «Ақжайық Құрылыс» ЖШС-нің басшысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Имашева Сайра Нурболатовна, 1980 жылы туған, «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
4. Крикпаев Ринат Ирханович, 1993 жылы туған, «Дәулет» ЖК-нің басшысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
5. Мендибаева Алия Канатовна, 1965 жылы туған, Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің Жаңабұлақ жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
6. Пангалиев Оркен Амангельдиевич, 1991 жылы туған, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.