Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша
Ақжайық ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2023 жылдың қаңтар-қыркуйек аралығында 723 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 536 өтініш, 14 шағым, 38 ұсыныс, 135 сұрау сауал, хабарлама және үн қосу.
723 өтініш өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен өтініші қаралды, нәтижесінде: 337 өтінішке қолайлы акт, 37 өтінішке қолайсыз акт қабылданды, 143 өтініш түсіндірілді, 23 өтініш тоқтатылды, 179 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды, 27 өтініш қаралу мерзімдеріне сәйкес келесі айға қалдырылды.
Аудан әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-222,
оның 149 өтініш, 9 шағым, 64 ұсыныс және хабарламалар. Түскен өтініштердің ішінен 56 өтініш аудан әкімі аппаратында қаралып (7 өтінішке қолайлы акт қабылданды, 9 қолайсыз акт, 40 өтінішке заң талаптарына сәйкес түсіндірілді), 160 өтініш құзіреттілігіне қарай тиісті органдарға жолданды, 6 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес келесі айда қаралатын болады.
Дербес бөлімдерге түскен өтініштер саны-315. Мағынасына қатысты сараласақ: 239 өтініш,5 шағым, 71 сауал және ұсыныс. 308 өтініш бөлімдерде қаралды (соның ішінде 205-не қолайлы акт қабылданды,
22-не қолайсыз акт қабылданды, 11 тоқтатылды, 70 өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді),8 өтініш құзіреттілігіне сәйкес тиісті мекемеге жолданды, 11 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес келесі айға қалдырылды.
Ауылдық округтер әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-186. Мағынасына қатысты сараласақ 148 өтініш,38 - сауал және ұсыныс.
175 өтініш ауылдық округі әкімі аппаратында қаралып (125 өтінішке қолайлы акт ,6 қолайсыз акт қабылданды, 36 заңға сәйкес түсіндірілді, 8 өтініш қараусыз тоқтатылды), 11 өтініш құзіреттілігіне сәйкес тиісті мекемеге жолданды,
10 өтініш келесі айға қарауға қалдырылды.
Жеке және заңды тұлғалардан келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті:
Жер және жерді пайдалану мәселелері – 266;
Тұрғын үймен мәселелері – 223;
Халықты жұмыспен қамту - 88;
Мемлекеттік басқару – 14;
Әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру – 6;
Байланыс – 4;
Білім – 10;
Кәсіпкерлік – 3;
Құрылыс – 3;
Денсаулық сақтау, санитария – 2;
Басқа мәселелер бойынша – 104;
«Е-Өтініш» деректеріне сәйкес азаматтардың ТОП-3 келесідей өзекті мәселелері қаралды. Ең көп көтерілетін мәселелер олар:
Бірінші: жер қатынастары, жерді пайдалану мәселесі өтініштердің жалпы санының 36,8%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру, жер пайдалану мерзімін ұзарту.
Екінші: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қызметтік тұрғын үй беру мәселесі өтініштердің жалпы санының 30,8%-ын құрайды. Өтініштерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жұмысқа орналасуына байланысты қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуі болып отыр.
Үшінші: жұмыс мәселесі.
Жұмыс мәселесі өтініштердің жалпы санының 12,2%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі ақылы қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналастыруға қатысты.
Ауыл әкімдеріне және бөлім басшыларына:
- Ай сайын есептік айдан кейінгі 2-ші күнге дейін талдамалық ақпаратты (тәуекел картасын,Ф2ГО есебін, салыстырма актісін және АП есебін) уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз етсін.
Азаматтардың жеке қабылдаулары бойынша
Аудан әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, сайтқа орналастырылған. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау аталған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратында қаңтар-қыркүйек аралығында 63 қабылдау ұйымдастырылып, 198 азамат қабылданды. Оның ішінде 170 адам аудан әкімімен, 27 адам аудан әкімінің орынбасарларымен, 1 адам аппарат басшысымен қабылданды.