Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар – қыркүйек айлары бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер туралы ақпарат

Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылдың қаңтар- қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 669 өтініш келіп түсті.

Талдау нәтижесіне сәйкес келесідей жағдай анықталды.

669 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, соның ішінде                       461 өтініш, 9 шағым, 199 ұсыныс және хабарламалар. Орындалуы бойынша тоқталсақ, 487 өтінішке жауабы берілді, 165 өтініш бөлімдерге жолданды және 17 өтініш келесі айға қалдырылды.

Келіп түскен өтініштер:

203 – аудан әкімдігіне;

255 – бөлімдерге;

211 – ауылдық округтерге;

Мағынасы бойынша сараласақ жер мәселесі– 336, тұрғын үй мәселесі–145, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша -105, басқа да мәселелерге байланысты - 83 өтініш болды.

2022 жылы қаңтар- қыркүйек аралығында қабылдауында 147 адам қабылдауда болды. Оның ішінде аудан әкімінің қабылдауында 129 адам, 
аудан әкімінің орынбасарларында 15 адам, аппарат басшысының қабылдауында 3 адам болды. Көтерген мәселелеріне қатысты тиісті мекеме, бөлім басшыларымен қабылдау кезінде түсініктеме берілді.

Дата публикации
06 октября 2022