Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша
Ақжайық ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2023 жылдың І тоқсанына 225 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 158 өтініш, 5 ұсыныс, 62 сұрау сауал, хабарлама және үн қосу.
225 өтініш өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен өтініші қаралды, нәтижесінде: 97 өтініш қанағаттандырылды, 41 өтініш түсіндірілді, 8 өтініш тоқтатылды, 59 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды,43 өтініш қаралу мерзімдеріне сәйкес келесі айға қалдырылды.
Аудан әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-76,
оның 47-сі өтініш, 29 ұсыныс және хабарламалар.Түскен өтініштердің
9-ы аудан әкімі аппаратында қаралып (2 өтінішке қолайлы акт қабылданды,
7 өтінішке заң талаптарына сәйкес түсіндірілді), 54 өтініш құзіреттілігіне қарай тиісті органдарға жолданды, 14 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес келесі айда қаралатын болады.
Дербес бөлімдерге түскен өтініштер саны-96. Мағынасына қатысты сараласақ: 69 өтініш, 27 сауал және ұсыныс. 78 өтініш бөлімдерде қаралды (соның ішінде 54-не қолайлы акт қабылданды,1-не қолайсыз акт қабылданды, 23 өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді),1 өтініш құзіреттілігіне сәйкес тиісті мекемеге жолданды, 29 өтініш қаралу мерзіміне сәйкес келесі айға қалдырылды.
Орал қаласының тұрғыны Э.Утегенованың өтінішіндегі мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген жауабы (2023 жылғы 24 қаңтардағы ЖТ-2023-00009662) мен аудандық жұмыспен қамту орталығының (2023 жылғы 6 ақпандағы ЖТ-2023-00070844) аудан әкімі аппаратына ұсынған жауап жобасы екі түрлі. Яғни, аталған өтініш бойынша жұмыстану барысында бөлім мен оған қарасты мекеме арасында өзара байланыс жасалмаған.
Ауылдық округтер әкімі аппаратына түскен өтініштер саны-53. Мағынасына қатысты сараласақ 42-і өтініш,11 - сауал және ұсыныс. 59 өтініш ауылдық округі әкімі аппаратында қаралып (40 өтінішке қолайлы акт қабылданды,11 заңға сәйкес түсіндірілді, 8 өтініш қараусыз тоқтатылды),
4 өтініш келесі айға қарауға қалдырылды.
Жеке және заңды тұлғалардан келесідей мәселелер бойынша өтініштер келіп түсті:
Жер және жерді пайдалану мәселелері – 64 ;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 27;
Тұрғын үймен қамтамасыз ету – 19;
Халықты жұмыспен қамту - 12;
Мемлекеттік басқару – 12;
Әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру – 6;
Білім – 4;
Кәсіпкерлік – 3;
Құрылыс – 3;
Денсаулық сақтау, санитария – 1;
Басқа мәселелер бойынша – 74;
«Е-Өтініш» деректеріне сәйкес азаматтардың ТОП-3 келесідей өзекті мәселелері қаралды. Ең көп көтерілетін мәселелер олар:
Бірінші: жер қатынастары, жерді пайдалану мәселесі өтініштердің жалпы санының 28,4%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру, жер пайдалану мерзімін ұзарту.
Мысалы, Алмалы а/о Атамекен ауылының тұрғыны Т.Байгалиевтан жер учаскесін беру мәселесі бойынша Ақжайық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 16 сәуірдегі №150 қаулысымен өндірістік қажеттілігіне байланысты берілген жер учаскесінің нысанын ауыстыру үшін аудандық жер қатынастары бөліміне орындау үшін жолданды.
Екінші: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қызметтік тұрғын үй беру мәселесі өтініштердің жалпы санының 20,4%-ын құрайды. Өтініштерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жұмысқа орналасуына байланысты қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуі болып отыр.
Үшінші: жұмыс мәселесі.
Жұмыс мәселесі өтініштердің жалпы санының 5,3%-ын құрайды. Өтініштердің көпшілігі ақылы қоғамдық және тұрақты жұмысқа орналастыруға қатысты.
Мысалы, Орал қаласының тұрғыны Э.Утегенова Базартөбе ауылында тұратын туысы жалғызбасты әке Б.Тасқалиевті жұмысқа орналастыруын сұрады. Мәселені қарау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданды.
2023 жылы І тоқсанында арыз-шағымдар бойынша мерзімі бұзылған өтініштер болған жоқ.
Ауыл әкімдеріне және бөлім басшыларына:
- Ай сайын есептік айдан кейінгі 2-ші күнге дейін талдамалық ақпаратты (тәуекел картасын,Ф2ГО есебін, салыстырма актісін және АП есебін) уақтылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз етсін.
Азаматтардың жеке қабылдаулары бойынша
Аудан әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі аудан әкімінің өкімімен бекітіліп, сайтқа орналастырылған. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау аталған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратында 1-ші тоқсанда 15 қабылдау ұйымдастырылып, 51 азамат қабылданды. Оның ішінде 46 адам аудан әкімімен, 5 адам аудан әкімінің орынбасарларымен, қабылданды. Қабылдауда болған 10 адамның мәселесі оңды шешілді ( Айткалиева Замзагулге отынмен көмек көрсетілді, Аймурзин Рахим ақылы қоғамдық жұмысқа алынды, Жангалиева Раушангүлге отынмен көмек көрсетілді,қаңтар айынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (63407 тенге) және ақылы қоғамдық жұмысқа алынды, Абжанова Кенжегүлдің қызы Нәсіпқали Жанеркеге «Медициналық – әлеуметтік сараптаманың қортындысы» №031/е нысаны тотырылып, МӘС-ке жолданып 2 жылға III топ мүгедектік тағайындалды, Жумагалиев Муратбекке ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылды (бас тартты), Каракулова Насибаға материалдық көмек тағайындалды, Айтмагамбетова Индираға отынмен көмек көрсетілді, Рахишева Индира ақылы қоғамдық қызметкері болып «Даңқ» саябағын қарау үшін тағайындалды, Камышева Гульжиян және Досмухамбетов Мараттың мәселелері шешілді). 29 адамға көтерген мәселелері бойынша толық түсіндірілді, 7 адамның мәселесі орындалу барысында (материалдық көмек, АӘК тағайындау – 1, жұмыс мәселесі – 1 ,тұрғын үй мәселесі – 3, жер мәселесі – 2).