№23 АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №23                         2023 жылғы 01 қараша

 

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Есенсай және Жаңабұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауы жөнінде Есенсай және Жаңабұлақ  сайлау округтерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының  14-бабының  6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Есенсай ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Есенсай ауылдық округі аумағының шекарасында Есенсай сайлау округі құрылсын.

2. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде Жаңабұлақ ауылдық округі аумағының шекарасында Жаңабұлақ сайлау округі құрылсын.

3. Осы шешім аудандық қоғамдық - саяси «Жайық таңы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.

4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

 

 

       Ақжайық аудандық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                   С.Аймукашев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023