Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Батыс Қазақстан облысы

«Ақжайық ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аудан әкімі аппараты) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесідей бағытта жүргізілсін:

1) Аудан әкімі аппараты қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, аудан әкімі аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  2. Аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты 13.09.2023 жыл – 13.10.2023 жыл аралығы, талдау жүргізу кезеңі 01.07.2022 жыл – 30.08.2023 жыл аралығы болып белгіленсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін жұмыс тобымен талдамалық анықтама келісімге ұсынылсын.
  4. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 4н/қ бұйрығының күші жойылсын.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурсы бірыңғай платформасына орналастырылсын.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

Р.Рахметуллин

Дата публикации
07 сентября 2023