Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2023 жылдың 10 қыркүйек күні Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №20 шешімімен Кадргалиева Улдаш Зайдагалиевна Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1965 жылы туған, «Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында тұрады.

 

 

                   Комиссия төрағасы                      С.Аймукашев

Дата публикации
14 сентября 2023