Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2023 жылдың 10 қыркүйек күні Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №21 шешімімен Есеналиев Ербол Науханович Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1977 жылы туған, «Бударин ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақжайық ауданының Бударин ауылында тұрады.
Комиссия төрағасы С.Аймукашев