Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2023 жылғы 13 қыркүйектен 13 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субектілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.