Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының Қабыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша хабарламасы

2023 жылғы 10 қыркүйекте Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қабыршақты ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 517 азамат енгізілді, оның ішінде - 258 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есеналиев Е.Н – 147 (62,0%);

Сакипкалиев Т.Ш – 82 (34,6%);

Сарбупеев С.Е – 8 (3,4%).

Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округінің әкімі болып Ербол Науханович Есеналиев сайланды, 1977 жылғы,  «Бударин ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақжайық ауданының Бударин ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

 

                                   Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 сентября 2023