Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша хабарламасы

2023 жылғы 10 қыркүйекте Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Көнеккеткен ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 531 азамат енгізілді, оның ішінде - 425 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 10.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Замеров А.Д. – 41 (10,0%);

Кадргалиева У.З – 336 (82,4%);

Кушкарбаева Д.С – 31 (7,6%).

Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі болып Улдаш Зайдагалиевна Кадргалиева сайланды, 1965 жылғы,  Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің ауылдық округ әкімі, Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылында тұрады. «Amanat» саяси партиясы ұсынған.

 

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 сентября 2023