Ақжайық ауданы Алғабас, Базаршолан, Чапаев ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2020 жылғы 18 тамызға тағайындау туралы шешім

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ақжайық ауданының Алғабас, Базаршолан, Чапаев ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2020 жылғы 18 тамызға тағайындалсын.

2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну – 2020 жылғы                 17 шілдеде басталып, 23 шілдеде аяқталсын, ал кандидаттарды тіркеу
24 шілдеде басталып, 3 тамызда аяқталсын.

3. Сайлау аудандық сайлау комиссиясының мекен – жайында 2020 жылғы 18 тамыздада өткізілсін.

  1. Қоса беріліп отырған Алғабас, Базаршолан, Чапаев ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. 5. Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслихат хатшысына жолдансын.
  3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

              Аудандық аумақтық сайлау

              комиссиясының төрағасы                                            С.Аймукашев

Дата публикации
22 июля 2020