АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №17 2023 жылғы 29 тамыз
2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Көнеккеткен ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 05 қыркүйек күні сағат 17-00-де Көнеккеткен ауылындағы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "О. Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының мүшесі И.Даутовқа жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Аймукашев