АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 14 тамыз күні Көнеккеткен ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Айбек Дамерулы Замеров аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны. Ол 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалалық университетін бітірген, мамандығы- құрылыс. Қазіргі уақытта Ақжайық ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс жасайды.
Қабыршақты ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Ербол Науханович Есеналиев аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы, Бударин ауылының тұрғыны. Ол 2004 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы- жоғары кәсіби білімді заңгер. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс жасайды.
Қабыршақты ауылдық округі әкіміне үшінші үміткер болып өзін-өзі ұсыну жолымен Тилек Шаймарданович Сакипкалиев аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Ол 2010 жылы Орталық Азия университетін бітірген, мамандығы- мемлекеттік және жергілікті басқару. Ал 2013 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы- құқықтану. Қазіргі уақытта жұмыссыз.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.