АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 10 тамыз күні Көнеккеткен ауылдық округі әкіміне бірінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Динара Сагидоллаевна Кушкарбаева аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны. 2009 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген, мамандығы- қаржыгер. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс жасайды.
Қабыршақты ауылдық округі әкіміне бірінші үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Сакен Есенович Сарбупеев аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы,Чапаев ауылының тұрғыны. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс қазақстан аграрлық-техникалалық университетін бітірген, мамандығы- көлік, көлік техникасы және технологиялары. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары болып жұмыс жасайды.
11 тамыз күні Көнеккеткен ауылдық округі әкіміне екінші үміткер болып «Amanat» партиясынан Улдаш Зайдагалиевна Кадргалиева аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылының тұрғыны. 1987 жылы Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал пед институтын бітірген, мамандығы- физика және математика пәнінің мұғалімі. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Көнеккеткенй ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде ауылдық округ әкімі болып жұмыс жасайды.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.