Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау институты жетілдірілді
Кәсіби әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және қызметшілердің басқару құзыреттерін жетілдіру мақсатында кадрларды ротациялау қарастырылған.
Президенттің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 265 Жарлығымен Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарыжаңа редакцияда бекітілді.
Сонымен, ротация мемлекеттік қызметшілердің мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы (ата-аналары) не Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы (ата-аналары) бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу мерзімдері соңғы атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбіртөрт жылсайын жүргізіледі.
«Б» корпусының қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымы төмендетілуі мүмкін. Осы «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілместен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Заңда көзделген түзетулерге сәйкес қызметтік тұрғын үй берілмей басқа елді мекенге ротацияланған қызметшілерге тұрғын үйді жалдау мақсатында ротациялық төлемдер төленетін болады (Аталған норманы іске асыру үшін а.ж. 19 маусымда 29.12.2015 ж. №152 Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы Президенттің №265 Жарлығы, сондай-ақ «Басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің а.ж.6 маусымдағы №449 Қаулысы қабылданды).
Ротациялық төлемдердің мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 18м2 пайдалы алаң есебінен айқындалатын тұрғын үй алаңына негізделеді және есеп айырысу үшін Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес 1м2 тұрғын үйді жалға алудың орташа құны пайдаланылатын болады.
Осылайша, ротациялық төлемдер сомасына қызметкер ротацияланатын белгілі бір аймақтағы тұрғын үйдің орташа құны да әсер етеді.
Одан басқа, кемінде соңғы төрт жыл бойы аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты басшылары, дербес бөлім басшылары мен оның орынбасарлары, сектор меңгерушілері мен бөлім басшылары, ауылдық округі әкімінің орынбасарлары және т.б. мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметшілерінің арасында осы «Б» корпусы қызметшілерінің және уәкілетті адамдардың өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі.
Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі.