Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші мемлекеттің бет-бейнесі болып табылады және қоғам алдындағы тәртіптің үлгісі. Коммуникация мәдениетінің тұжырымдамасы мемлекеттік орган қызметшілері арасындағы қарым-қатынастың өзіндік барометрі ретінде қызмет етеді. Мінез-құлық нормаларын білу және оларды ұстану, ұстамдылық және өз іс-әрекетін басқара білу, адамдарға назар аудару мен құрметтеу, бір сөзбен айтқанда қоғамдағы әдептілік деп саналатын барлық нәрсе адамның мінез-құлық мәдениетіне жататын және этикет бойынша реттеледі.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру олардың белгілі бір дәрежеде жұмыс уақытынан тыс уақыттағы мінез-құлқымен байланысты.

Осыған байланысты, заң, қызметтік әдеп нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, оның ішінде масаң күйінде қоғамдық орындарда болмауы, адамның-қадір қасиеті мен қоғамдық адамгершілігін қорлайтын қылықтарға жол бермеуі, қарапайымдылық танытуы, тиісті қызметкерлерді алу кезінде өзінің қызметтік жағдайын аса көрсетпеуі және пайдаланбауы, өз тарапынан қоғамдық әдепке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заңнаманың талаптарын бұзуға жол бермеуі және басқа азаматтарды заңға қайшы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпауы міндет.

Дей тұрғанмен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментпен әдептілік деңгейін көтеруге қатысты жұмыстар барынша белсенді жүргізілгенмен, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу жағдайлары әлі кездесуде.

Мәселен, 2022-2023 жылдары өңірдегі мемлекеттік қызметшілер автокөлік құралын масаң күйде басқарған. Бұндай фактілер Бөрлі, Бәйтерек, Казталовауданы, облыстық Көліктік бақылау инспекциясы мен Орал қалалық көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының қызметшілерімен жасалған.

Бұған қоса, Теректі ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта мас күйінде бола тұрып, қоғамдық орында үшінші тұлғаны балағаттап,ар-намысына тиетін сөздерді айтқан.

Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста әдепсіздік пен дөрекілікке жол береді. Аталған фактілер Ақжайық, Бәйтерек, Сырым, Қаратөбе аудандарында орын алған.

Аталмыш тұлғалардың барлығы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш рет келген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың тиісті моральдық этикалық мінез-құлқын қалыптастыру бойынша жұмыс ерекше назар аударуды және формальды көзқарасқа жол берілмеуін талап етеді.

Сондай-ақ, Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқан жас мелекеттік қызметшіге тәлімгер бекітіледі.

Өз кезегінде, тәлімгерге қойылатын басты міндет жас мемлекеттік қызметшінің бойында адамгершілік, жауапкершілік, бастамашылық, тәртіптілік, кәсіби шеберлік сияқты қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында өңірдегі Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқытылады. 

Академияда жас мемлекеттік қызметшілерге білікті оқытушылар, мемлекеттік қызметшілер, әр саланың үздіктері мен танымал қоғам қайраткерлері және саясаттанушылар дәрістер оқиды.

Бұдан бөлек, 2018 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында жастарды мемлекеттік қызметке тартуға және сәйкесінше дағдыларды үйретуге арналған «Жаңаталап» мектебі қызметін атқаруда.

Күні бүгінге аталған мектептен 84 жас тыңдаушылар оқудан өтіп, арнайы сертификаттар алды.

Осылайша, 2020 жылы аталған мектептің бітірушісі Департаментке жастар практикасы бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасып, 2021 жылы мектеп жанында жинаған тәжірибесі көмегімен конкурс қорытындысымен Департаменттің бас маманы лауазымына қабылданды.

Яғни, жастардың мемлекеттік қызметке келуі аясында аталған мектеп өз тимділігін көрсетті.

Осылайша, жас мамандарға мемлекеттік қызметке арласқаннан бастап ерекше мән беріледі. Адамдармен қарым-қатынас кезінде сыпайылықты, әдептілікті, қарапайымдылықты және сөйлеу мәдениетін сақтауды үйретеді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым-қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін, эмоцияларын басқара білу болып табылады.

Дата публикации
15 августа 2023