Ақжайық ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс

Ақжайық ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №70 мекен-жайында конкурс өткізеді. Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің
тізімі

Лот№

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жалпы көлемі, га

Оның ішінде:

Бонитет балы

Сумен қамтамасыз етілуі

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі

Құжат қабылдайтын уақыты

Конкурс өткізілетін күні, уақыты

Жайылым

Шабындық

Басқа жер

1

Ақжол

286

285

 

1

 

 

 

07.07.20 ж

27.07.20 ж

28.07.20 ж   09:00

2

Алғабас а/о

492

368

124 га

 

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

28.07.20ж – 11:00

3

Алғабас а/о

287

138

149

 

 

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

4

Ақсуат а/о

1990

1989

 

1

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

28.07.20ж – 15:00

5

Алмалы а/о

675

555

117

3

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

28.07.20 ж   16:00

6

Алмалы а/о

516

516

 

2

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

7

Базаршолан а/о

3000

2995

 

5

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

08.07.20 ж

28.07.20 ж

29.07.20 ж   15:00

8

Базаршолан а/о

45

43

 

2

11

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

9

Базартөбе а/о

900

900

 

 

12

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

29.07.20 ж   11:00

10

Жамбыл а/о

200

200

 

 

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

 

29.07.20 ж   10:00

11

Жамбыл а/о

495

405

 

90

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

12

Есенсай а/о

1390

1381

 

9

8

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

 

29.07.20 ж   17:00

13

Есенсай а/о

180

179

 

1

8

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

14

Қабыршақты а/о

20

20

 

 

8

Жер асты сулары

Көп жылдық өсімдіктер егу үшін

29.07.20 ж   09:00

15

Қарауылтөбе а/о

2800

2792

 

8

8

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

09.07.20 ж

29.07.20 ж

30.07.20 ж   15:00

16

Қарауылтөбе а/о

871

868

 

3

8

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

17

Құрайлысай а/о

1467

1467

 

 

13

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

 

30.07.20 ж   11:00

18

Құрайлысай а/о

1313

1313

 

 

15

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

19

Көнеккеткен а/о

677

677

 

 

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

30.07.20 ж   10:00

20

Мерген а/о

255

254

 

1

15

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

30.07.20 ж   09:00

21

Сарытоғай а/о

3300

3290

 

10

16

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

10.07.20 ж

30.07.20 ж

31.07.20 ж   10:00

22

Сарытоғай а/о

1000

996

 

4

16

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

23

Тайпақ а/о

1894

1884

 

10

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

31.07.20 ж   15:00

24

Тайпақ а/о

1500

1497

 

3

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

25

Тайпақ а/о

1000

997

 

3

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

26

Чапаев а/о

234

234

 

 

10

Жер асты сулары

Мал шаруашылығы

31.07.20 ж   09:00

 

Барлығы

26787

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шарттар мен талаптар – жер телімдерін тиімді және ұтымды пайдалану.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 01 тамыздағы №281 бұйрығының талаптарына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) конкурстық ұсыныс;

4) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

. Конкурстық ұсыныста:                                                              

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады:. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №68 үй,. телефон - (8-71136) 91301, (8-71136) 91318 (сағат 9.00 ден 18.30- ға дейін)

 

 

Дата публикации
05 июня 2020