«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Егер сіз сыбайлас жемқорлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, онда бұл ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы хабарлай аласыз. Сіздің өтінішіңізді оператор міндетті түрде тіркейді.
1414 байланыс орталығына енгізілген бұл жүйе сыбайлас жемқорлық және алаяқтық тәуекелдерін жою, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкерлері тарапынан іскерлік әдеп нормаларын бұзушылықтарды анықтау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында енгізілді.
Сондай-ақ, сіз өзіңіздің шағымыңызды compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына жібере аласыз.
Өтініштерді жіберу тәсілдері туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінің барлық ғимараттарында және бэк-офистерінің ғимараттарында орналасқан ақпараттық тақта (баннерлерде) көрсетілген.
Айта кетейік, Мемлекеттік корпорация қызметкерлер мен азаматтарды болжамды заңсыз әрекеттер туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға шағымдану құқығын шектемейді.