Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес, 2023 жылдың 16 наурызында өткен Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің тұрғындарының жалпы жиналысында Алғабас ауылының Бірлік көшесіне Алғабас (Киров) колхозында басқарма басшысы болып қызмет атқарған, Еңбек және Ұлы Отан соғыс ардагері, "Отан Соғысы" орден иегері Сатенов Қажығали есімін беру туралы ұсыныс енгізіліп, шешім қабылданғанын және облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолданатындығын хабарлайды.