Мерген ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай – ақ олардың атауларын транскрипциясының нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес 2023 жылдың 16 наурызда өткен Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округінің қоғамдық кеңес мүшелерінің (қоғамдастық) жиналысында Мерген ауылының Тәуелсіздік көшесіне Социалистік Еңбек Ері Құбай Мұқанақовтың есімін, Жерұйық көшесіне Социалистік Еңбек Ері Ниетқали Жүнісовтің есімін және Бірлік көшесіне Социалистік еңбек ері Мырзағали Қалисановтың есімін беру туралы ұсыныс енгізіп, шешім қабылданғанын және облыстың ономастикалық комиссияға ұсыныс жолданатындығын хабарлайды.