ИНФОРМАЦИЯ ОБ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЯХ ПО АКЖАИКСКОМУ РАЙОНУ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ БОЙЫНША САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ақжайық ауданында 1 аумақтық (7 комиссия мүшесі) және 48 учаскелік (252 комиссия мүшесі, оның 6 учаскесі-7, 42 учаскесі-5 комиссия мүшелерінен құралған) сайлау комиссиялары бар. Олардың 49 «Amanat» партиясының ұсынуымен, қалған 210-ы қоғамдық бірлестіктердің («Таным» ҚБ, «Ақжайық өрендері» жастар ҚБ, «Отан» ҚБ, мүгедектер қоғамы, «Шуақ» әйелдер ҚБ, «Радуга» ҚБ, «Ақжайықтың тәуекелді сарбаздары» ҚБ, ардагерлер кеңесі) ұсынуы бойынша аудандық мәслихат шешімімен бекітілді.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы 7 адамнан тұрады, оның ішінде 2 әйел адам бар, барлығының білімдері жоғары. Олардың сайлау процессіне қатысу еңбек өтілі негізінде 1 жылға дейін-1 адам, 2 жылға дейін-2 адам, 4 жылға дейін-3 адам, 20 жылға дейін еңбек өтілі -1 адам бар.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлаушылардың санына байланысты 252 адамнан тұрады. Соның ішінде 93-ер адам (37,3%),156-әйел адам (62,6%).

Білімі бойынша жоғары білімді-127 адам (50%), арнаулы орта-122 адам (48%), орта-3 адам (2%). Сайлау процесіне қатысу еңбек өтілі негізінде 1 жылға дейін-17 адам (6,9%), 2 жылға дейін- 74 адам (29,7%), 2-10 жылға дейін-58 адам (22,0%), 10-15 жылға дейін- 55 адам (22,5%), 15-20 жылға дейін- 41 адам (16,5%), 21 жылдан жоғары – 7 адам (2,4%).

 

Дата публикации
23 января 2023