АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ САЙАУ УЧАСКЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Аудан бойынша - 1 аумақтық және 48 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Чапаев ауылы, Ихсанов көшесі, №18 редакция ғимаратында орналасқан. Жылыту жүйесімен қамтылған. Телефон және интернет байланысы орнатылған.
Сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері:
30 сайлау учаскесі – білім беру саласының ғимараттарында;
18 сайлау учаскесі –мәдениет үйі, ауылдық клуб ғимараттарында;
48 сайлау учаскесі орналасқан барлық ғимараттар қанағаттанарлық жағдайда.
Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз дауыс беруге қолайлы жағдайлар жасақталады.(пандус, тактильді көрсеткіштер, кабиналар, лупа, трафаретпен қамтылады) Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі бар адамдардың бар-жоғына қарамастан арнайы бұрыштар ұйымдастырылып қойылады.
Сайлау учаскелері техникалық құрылғылармен қамтылуы:
48 сайлау учаскелерінде компьютер, сейф, ақпарат тақталары, үгіттік баспа матеиалдарын орналастыратын тақта,маңдайтақтайшалары (вывеска) және 39- сайлау учаскелерінде телефон байланысы бар.
Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беретін кабиналар толықтай қамтамасыз етілді. Сайлау учаскелерінде барлығы – 122 кабина бар. 48 үлкен стационарлы және 96 тасымалды жәшіктермен қамтылған.