Шетелдік нөмірлері бар автомобильдерді тіркеу 23 қаңтарда басталады.

Осы автомобильдерді тіркеуге өтінімді Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары және eGov порталы арқылы беруге болады.

Заңдастыру ҚР азаматтарына тиесілі жеңіл автомобильдер мен шағын автобустарды қамтиды.
⠀
Көлік құралына қойылатын талаптар:
- 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін автокөлікті әкелу;
- Автокөлікке қатысты қылмыстық белгілердің болмауы;
- Кедендік тазартудан өту.
⠀
Онлайн өтінімді тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, мамандандырылған ХҚКО-ның тексеру пунктінде автокөлікті тексеруден өтіп, барлық қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Барлық көрсетілген рәсімдерден өткеннен кейін автокөлік тіркелген болып есептеледі.

Дата публикации
20 января 2023