Ақжайық ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат
Аудан әкімі аппаратына 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша 143 (2019 жылғы қаңтар-мамыр айлары - 241) өтініш келіп түсті. 2019 жылмен салыстырғанда 98 өтінішке азайып отыр.
2020 жылы қаңтар-мамыр айларында түскен өтініш, шағымдардың 112– жеке тұлғадан, (оның 55 - жазбаша, 57- ауызша), 31 – заңды тұлғалардан түсті. Оның ішінде: 116 – өтініш, 27- ұсыныс. Орындалуы бойынша тоқталсақ, 86 – түсіндірілді, 53 – бөлімдерге жолданды, 2-қанағаттандырылды, 1 – келесі айға қалдырылды.
Мағынасы бойынша сараласақ жер мәселесі– 36, тұрғын үй мәселесі–39, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша -44, басқа да мәселелеріге байланысты - 24 өтініш болды.
Заңды тұлғалардан түскен 4 өтініш аудандық экономика және қаржы бөліміне, 4 өтініш аудандық жұмыспен қамту және әлеметтік бағдарламалар бөліміне, 10 өтініш аудандық жер қатынастары бөліміне, 1өтініш аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне, 1 өтініш аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне, 1 өтініш Тайпақ ауылдық округіне, 1 өтініш аудандық білім бөліміне жолданып, 9 өтінішке аудан әкімі аппаратынан уақытылы жауап берілді.
57 ауызша өтініштің ішінде, 15 азамат аудан әкімі орынбасарларының және 2 азамат аудан әкімі аппараты басшысының қабылдауында болды.
ҮЭП (Үкіметтің электрондық порталы) арқылы 36 өтініш түсіп, өтініш иелеріне уақытында жауап берілді.